19.12.2023, 15:40

Шавкат Рахмонов UFC рейтингінің ТОП-үштігіне енді

Фото: sports.kz

Шавкат Рахмонов америкалық Стивен Томпсонды екінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңген болатын.

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтағы UFC рейтингіндегі жағдайын жақсартты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Sports.kz жазуынша, дивизияның жаңартылған тізімінде «Номад» лақап атымен танымал спортшы үшінші орында. Енді тек Белал Мухаммад (2), Камару Усман (1) және чемпион Леон Эдвардс қана алда. Колби Ковингтон бесінші орынға төмендеді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен демалыс күндері Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile аренасында өткен UFC 296 турнирінің негізгі картасында Шавкат Рахмонов америкалық Стивен Томпсонды екінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңген болатын. Кештің басты айқасында Леон Эдвардс Колби Ковингтонды бірауыздан ұтты.