19.12.2023, 17:20

Қытайда жер сілкінісінен 118 адам мерт болды

Фото: EPA TASS

Зілзаланың қуаты 6,2 баллға жеткен.

Қытайдың Ганьсу провинциясында жойқын жер сілкінісі тіркеліп, 118 адам мерт болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Тағы 500-ге жуық кісі жарақат алған. 

Жергілікті БАҚ мәліметінше, зілзаланың қуаты 6,2 баллға жеткен. Қазір жергілікті билік тұрғындарды қауіпсіз жерлерге көшіріп жатыр. Ал құтқарушылар бригадасы үйінді астында қалған адамдарды шұғыл іздеуге кірісті.

Бірақ қолайсыз ауа райы құтқару жұмыстарына кедергі келтіруі мүмкін дейді.