$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстандықтар Америкадан жеңіспен оралған Шавкат Рахмоновты ерекше қарсы алды

Тіпті олардың арасында қазақы киімдерін киіп, күймен, әнмен қарсы алғандар да болды.

17 желтоқсанда қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов (17-0) Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) UFC 296 турнирінде жеңіске жеткен еді. Бүгін спортшы Алматыға келді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Мassaget.kz жазуынша, жеңіспен оралған спортшыны Алматы халықаралық әуежайында қалың көпшілік сән-салтанатпен күтіп алған.

Тіпті олардың арасында қазақы киімдерін киіп, күймен, әнмен қарсы алғандар да болды.

Спортшыны күтіп алуға бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері де қатысты.

Айта кетейік, Шавкат Рахмоновтың қарсыласы америкалық Стивен Томпсон (17-7-1) болды. Лас-Вегастағы UFC 296 турнирінің басты картасындағы жекпе-жек 3 раундқа есептелген еді, бірақ ол 2-раундта аяқталды.

Шавкат Рахмонов Стивен Томпсонды қылқындыру әдісімен бірінші болып жеңген файтер атанды. Спортшы Тәуелсіздік күні қарсаңында мұндай жетістікке жеткеніне орай Қазақстан халқына жылы лебізін де арнаған еді.

Ассалаумағалейкүм, Қазақстан! Мен осындай жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күні. Сондықтан қуаныштымын. Кішкене қобалжып тұрмын. Рақмет үлкен. Әрине, Wonerboy - өте мықты қарсылас. Мерзімінен бұрын жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Өзімді титулға белдесуге лайықтымын деп ойлаймын, - деген еді Шавкат Рахмонов жекпе-жектен кейін.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары