20.12.2023, 12:20

Атақты «Асы жайлауы» мемлекет меншігіне қайтарылды

Фото: Бақытжан Базарбектің әлеуметтік желідегі парақшасынан

«Асы жайлауы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінін 2023 жылғы 1 маусымдағы #907 қаулысымен мемлекеттік меншікке  қабылданды» деп жазды ол.   

ҚР Мәжіліс депутаты, заңгер Бақытжан Базарбек Алматы облысындағы Асы жайлауының мемлекет меншігіне қайтарылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Депутаттың айтуынша, "Жер аманаты" республикалық жер комиссиясының өкілдері Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында Масақ ауылдық округінде халықпен кездескен.

Бұғыты қыстауында 2,4 мың гектар ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердін қайтарылғанын жария еттік.

Онымен қоса, "Іле-Алатау Тур" ЖШС-нен #03-044-184-002 кадастрлік нөмердегі аумағы 3 500 гектар ауыл шаруашылық мақсатындағы атақты "Асы жайлауы" деп аталатын жердін мемлекеттік меншікке қайтарылғанын жария еттік.

Асы жайлауының мемлекеттік меншікке Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінін 2023 жылғы 1 маусымдағы #907 қаулысымен  қабылданды, деп жазды ол.