20.12.2023, 17:20

5 мыңнан аса сарбаз кредиттік демалыс алды

Фото: Қорғаныс министрлігі

Борышын өтеп жүрген әскери қызметшілерге банктік қарыздар мен шағын несиелік төлемдерін кейінге қалдыру шарасы қарастырылған. 

 

5 мыңнан аса сарбаз 1 млрд 875 млн теңге сомасына кредиттік демалыс алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қорғаныс министрлігі мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумның нәтижесінде борышын өтеп жүрген әскери қызметшілерге банктік қарыздар мен шағын несиелік төлемдерін кейінге қалдыру тәжірибесі реттелген, – делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.