$ 494.87  520.65  4.91

Алдағы күндері еліміздің барлық аумағы жауын-шашынды болады

Республика бойынша көктайғақ, бұрқасын болады, желдің екпіні 15-20, 25 м/с болады, тұман түседі.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қазақстандық синоптиктер 2023 жылғы 21-23 желтоқсан аралығындағы күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы.

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, кезеңнің басында еліміздің солтүстік және шығыс бөліктерінде, сондай-ақ орталығында атмосфералық фронттардың өтуімен түнде қар жауады, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), ал түнде солтүстікте және шығыста қалың қар жауады деп болжанды. 23 желтоқсан күні солтүстік-батыс циклонының әсерінен республиканың батысында және оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Республика бойынша көктайғақ, бұрқасын болады, желдің екпіні 15-20, 25 м/с болады, тұман түседі, – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары