$ 444.14  477.05  4.85

Шетелдік басылым Жәнібек Әлімханұлын қазақ боксшысымен жұдырықтасуға шақырды

Бұл кездесуге кедергілер бар екені айдан анық.

Фото: Steve Marcus/Getty Images
Фото: Steve Marcus/Getty Images

Бокс туралы жазатын шетелдік басылымның журналисі Льюис Уотсон орта салмақ дәрежесінде ұйымдастыруға болатын бес ең мықты жекпе-жек туралы жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы.

Шетелдік ақпарат порталы қазақстандық WBO және IBF әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен WBO Global белбеуінің иегері Мейірім Нұрсұлтановтың жұдырықтасуы тартысты болуы мүмкін екенін айтып өтті, деп жазды KAZ.NUR.KZ.

Головкиннің ізімен келе жатқан қазақтың орта салмақтағы боксшылары Лондон автобустары сияқты. Жылдап біреуін күтесің, кейін бірден екеуі келеді. Бәлкім олай емес те шығар, бірақ бұл жекпе-жек тізімнің алды болуы керек. Бұл кездесуге кедергілер бар екені айдан анық. Екі боксшының да ісін жүргізетін Эдис Климас олардың жұдырықтасуын қаламайды. Өйткені мақсатқа жететін басқа да жолдар бар. Жекпе-жектің болу ықтималдығы өте төмен болса да, үздік бестікте болу керек, – деп жазды Уотсон. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары