$ 494.87  520.65  4.91

Қазақ теннисшісі Түркиядағы турнирдің келесі айналымына шықты

Сондай-ақ жұптық сында да жарысты жалғастырады.

Фото: Olympic
Фото: Olympic

Қазақстандық, әлемнің 458-ракеткасы Дмитрий Попко жекелей сында Анталия (Түркия) ITF турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы.

Доданың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 1399-орында тұрған аустриялық Ян Кобриескимен шеберлік байқасты.

Д.Попко 6:3, 6:2 есебімен онша қиналмай, жеңіске жетті.

Дмитрий Попко ширек финалға шығу үшін рейтингте 1523-сатыдағы аргентиналық Эсекиль Монферрермен таласады. Қазақстандық теннисші сондай-ақ жұптық сында да жарысты жалғастырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары