$ 443.37  474.49  4.83

«Дарын» мемлекеттік сыйлығының 19 жеңімпазы анықталды

Өтінімнің 9-ы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі қағидалардың талаптарына сәйкес келмеді.

 

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытындысын өткізді,  деп хабарлайды Skifnews.kz aқпарат порталы.

Биыл мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер 340-тан аса кандидатты ұсынды. Оның ішінде 110 – «Ғылым», 21 – «Дизайн және бейнелеу өнері», 27 – «Спорт», 49 – «Театр және кино», 12 – «Эстрада», 10 – «Журналистика», 28 – «Халық шығармашылығы», 32 – «Креативті бастамалар», 28 – «Әдебиет», 30 – «Классикалық музыка».

Өтінімнің 9-ы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі қағидалардың талаптарына сәйкес келмеді.

⠀«Үміткерлердің жетістіктері мен жұмыстары жан-жақты сараланды. Әрқайсысына негізделген шешім қабылданды. 11 жүлдегердің өңірлерден келгеніне қуаныштымын. Бұл жастар үшін үлкен ынталандыру. Озық ойлы жастардың лайықты өкілдері әлі де аз емес. Біз қоғамымыздың және тұтастай еліміздің дамуына үлес қосып жүргендерді қолдап, ынталандыруымыз керек,  – деді Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

Биыл сыйлықты беру ережелеріне түзетулер енгізілді. Атап айтқанда, қатысушылар 35 жасқа дейін ұлғайтылып, «Қоғамдық қызмет» номинациясы «Креативті бастамаларға» ауысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары