$ 444.14  477.05  4.85

Астанада 2029 жылға дейін 15 Оқушылар сарайы салынбақ

Оқушылар сарайы елорданың барлық ауданында орналасады.

Фото: Астана қаласының әкімдігі
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада 2029 жылға дейін 15 Оқушылар сарайын салу жоспарланып отыр. Олардың бір бөлігінде бассейндер де болмақ. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Астана әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz aқпарат порталы.

Олардың ішінде 5-еуінің құрылысы келер жылы басталады. Оқушылар сарайы елорданың барлық ауданында орналасады. Қазіргі уақытта жобалық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жаңадан ашылатын 5 Оқушылар сарайы қайда орналасады:

- Сарыарқа ауданы, Ақан сері және С-189 көшелері (Земляничная);

- Алматы ауданы, Төлебаев және Бурабай көшелері;

- Байқоңыр ауданы, Тайбурыл және Игілік көшелері;

- Есіл ауданы, Түркістан және Бұқар Жырау көшелері;

- Нұра ауданы, Айтматов және Мұхамедханов көшелері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары