22.12.2023, 15:00

Қайрат Боранбаевтың қонақ үйі Астана әкімдігінің балансына өтуі мүмкін

Фото: ФК "Кайрат"

Елорда әкімі қонақ үйді қалаға беру жұмыстары жүріп жатқанын мәлім етті.

2023 жылғы 22 желтоқсан күні Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметіне Comfort қонақ үйінің жағдайы не болатынын айтты. Бұған дейін Қайрат Боранбаев тергеумен өз еркімен ынтымақтаса отырып, оны мемлекет меншігіне өткізген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Елорда әкімі қонақ үйді қалаға беру жұмыстары жүріп жатқанын мәлім етті.

Comfort қонақ үйіне келетін болсақ, беру процесі әлі жүріп жатыр, беру процесі аяқталғаннан кейін біз қандай қызмет көрсететінін шешеміз, бірақ біріншіден, қалада мұндай деңгейдегі қонақ үйлер жеткіліксіз екенін айтайын. Бәлкім, қонақүй өз қызметін сақтап қалар, бірақ әзірге нысан тапсырылған жоқ, тапсыру жұмысы жүріп жатыр, – деді Жеңіс Қасымбек.

Оның айтуынша, жақында тапсыру процесі аяқталады.

Бізде әлеуметтік нысандар, реабилитациялық, мектепке дейінгі және мектеп нысандары бойынша өз жоспарымыз бар және біз бұл нысанды (қонақ үйді) әлеуметтік нысанға ауыстырудың қажеттігін көріп отырған жоқпыз, қаладағы қонақ үйлер дәл осындай деңгейде, әсіресе осы бөлікте, бұл туризмді дамыту үшін қажет, – деді Жеңіс Қасымбек.