Әкімшілік жауапкершілікке 23 адам тартылды.
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті бейнеконференц байланыс жүйесінің бір данасын 50 миллион теңгеге сатып алмақ болған. Құрылғының орташа құны шамамен 4,1 миллион теңгені құрайды, деп хабарлайды Skifnews.kz aқпарат порталы Astanatv.kz-ке сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті таратқан мәлімет бойынша биыл 1,2 млрд теңгеден астам бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуының алдын алды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыттың айтуынша, департаментпен мемлекеттік органдар мен ұйымдардың сатып алуларына жүйелі түрде мониторинг жүргізіледі.
Бұл бағыттағы негізгі құрал - «Сатып алудың бірыңғай терезесі» жүйесі. Жоспарланған тауарлардың бағалары орташа нарықтық бағалармен салыстырылады. Сәйкесінше, бағаны көтеріп жіберген жағадайда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан ұсыныстар енгізіледі.
Тек осы жылдың облыс бойынша 1,2 млрд қаражаттың тиімсіз пайдалануының алды алынды. Мәселен, Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті бейнеконференцбайланыс жүйесін бір дана үшін 50 миллион теңгеге сатып алуды жоспарлаған, ал бұл өнімнің орташа құны шамамен 4,1 миллион теңгені құрайды. Нәтижесінде сатып алу тоқтатылды. Сонымен қатар, бірінші орынбасары әкімшілік тәжірибе туралы хабардар етті. Департаментпен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке 23 адам тартылды, -деді Айдос Мамыт.
Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 4 968 000 теңгені құрап, ол толығымен өтелді.