$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда қызылшаға қарсы 608 мыңнан астам адам вакцинацияланды

Күн сайын 30 мыңнан астам адам вакцинацияланады.

Фото: ДСМ
Фото: ДСМ

Қазақстанда қызылшаға қарсы 608 мыңнан астам адам вакцинацияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz aқпарат порталы.

Елімізде қызылшаның таралуына қарсы тиімді күрес мақсатында халықты қосымша жаппай иммундау шеңберінде вакцинациялауға жататын 1,5 млн. адамның 608 мыңнан астамы вакцинацияланды, қамту 40,5%-ды құрады, күн сайын 30 мыңнан астам адам вакцинацияланады, делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарламасында. 

Бұдан әрі қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп бірқатар шаралар қабылдауда.

Мәселен, қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациялау жалғасуда, жыл сайын 1 және 6 жастағы 700 мыңға жуық бала егіледі (ДДҰ ұсынған кемінде 87,1% кезінде 1 жастағы балалардың 94,1%-ы және 6 жастағы балалардың 93,4%-ы қамтылды).

Сонымен қатар, эпидемиялық көрсеткіштер бойынша вакцинациялау жүргізілуде, бұрын вакцинациялауды өткізіп алған және одан бас тартқан 133,3 мыңнан астам адам егілді.

Қызылша мен басқа да вакцинамен басқарылатын инфекциялардың  профилактикасында вакцинациялаудың маңыздылығы туралы халықпен ақпараттық жұмыс жалғасуда.

Қабылданған шаралардың арқасында қазіргі уақытта еліміздің көптеген өңірлерінде қосымша иммундаудың оң динамикасы байқалады. Мәселен, Маңғыстау, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Түркістан, Абай, Ұлытау облыстарында соңғы аптада қызылшадан қорғау мақсатында өз балаларын вакцинациялауда халықтың белсенділігінің артуы байқалады.

Қазіргі уақытта эпидемиологиялық жағдай тұрақты бақылауда, тұрақтандыру бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары