23.12.2023, 09:30

Тұман, көктайғақ, жел: Қазгидромет бүгінгі ауа райы болжамын жариялады

Фото: Pixabay

Алакөл аудандарында қатты жел, кей уақыттарда 30 м/с және одан асып түседі.

Қазгидромет ел аумағында 23 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ондағы деректерге қарағанда, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты, еліміздің батысында, солтүстігінде, шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсуі мүмкін.

Республикамыздың қалған аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы болады. ҚР бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел, солтүстікте жаяу бұрқасын күтіледі, — деп жазды синоптиктер.

Таңертең және күндіз Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, күндіз Жетісу облысының Алакөл аудандарында қатты жел, кей уақыттарда 30 м/с және одан асып түседі.