23.12.2023, 11:30

Шымкентте жаңа туған сәбидің мәйіті табылды

Фото: pexels.com

Сәбидің денесі «Нұрсат» шағын ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің маңынан табылған.

Шымкент полициясы кінәлі адамды анықтауға бағытталған барлық қажетті іс-шараны жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz aқпарат порталы.

Сәбидің денесі «Нұрсат» шағын ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің маңынан табылған. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 100-бабымен қылмыстық іс тіркелді.

Қаратау ауданы Полиция басқармасының 102 арнасына жаңа туған баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері кінәлі тұлғаны анықтауға бағытталған барлық қажетті іс-шараларды жүргізуде, - делінген Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.