Спортшы кәсіпқой бокста өзінің жолын кімдер жаппақ болғанын атады.
Бокстан Рио олимпиадасының чемпионы, белгілі кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов күтпеген мәлімдеме жасады. Ол ұзақ үзілістен кейін шаршы алаңған қайта оралғанын айта келе, алдағы Париж олимпиадасына қатысуға ниетті екенін алға тартты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Әуесқой бокста айтулы жетістікке қол жеткізген қазақстандық спортшы кәсіпқой бокста өзінің жолын кімдер жаппақ болғанын атады.
Менің дайын өнім екенімді барлықтарыңыз білесіздер. Дұрыс промоушенмен қасымда дұрыс команда болатын болса талай асуларды алуға болады… Бокстан қазақтың әзірге соңғы Олимпиада чемпионы бола тұра. Сынайды… Мүмкін өзімнен де бар шығар… Бірақ қателіксіз тұяқ жоқ… Менің проблемамды Ресейдің адамдары жауып тастауға дайын болған. Белгілі бір мөлшерде. Менің бұрыңғы командамның сұранысы одан жоғарырақ болды… Енді оған қарамай рингке оралудың амалын іздеп, барлық жағын қарастырып рингке оралдым», - деп жазды боксшы өзінің Instagram-парақшасында.
Данияр Елеусінов қазақ боксы тарихында екі дүркін Олимпиада чемпионы атануға қатысты жанкүйерлер ұсынысына да жауап берді.
Олимпиадаға бармайсың ба, тарих жасамайсың ба дейтіндер де бар. Менің жауабым: Маған жағдай жасап беріп, ресми шақырып жатырсыз ба?! Жай сөз бе әлде?! Нақты іс жоқ. Сондықтан мен өз ісімнің маманымын. Флойд сияқты әрбір қарсыластың кілтін таба аламын. Мықты болсын, дрова болсын, ыңғайсыз әр қайсысы өзінің мықтылығын көрсеткісі келеді… Сондықтан пікірлеріңізді жаза отырыңыз. Мені қай жақта көргілеріңіз келеді?! Қазақстан тарихында екі дүркін Олимпиада чемпион ретінде?! Әлде GGG сияқты әлемдік брендке айналған спортшы ретінде?! Әрбір пікірді тыңдап, талдап шығамын… Рахмет, халқым, - деді Данияр Елеусінов.
Данияр Елеусінов Рио олимпиадасынан бөлек, әлем чемпионы және күміс жүлдегері, Азия чемпионатының және Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы. 2013-2014 жылдары әуесқой бокстан әлемнің үздік боксшысы атанған.
Ол Рио Олимпиадасынан кейін араға уақыт салып, кәсіпқой боксқа ауысатынын мәлімдеді. Алайда, кейін онымен келісімшартқа отырған промоутерлік компания тарапымен арадағы түсінеспеушілікке байланысты Данияр жекпе-жексіз қалды.