$ 443.35  475.54  4.82

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты

КАМАЗ-бен соқтығысқан SsangYong кері айналып кеткенде оны бар жылдамдығымен Lada Granta келіп соғып кеткен.

Фото: astanatv.kz
Фото: astanatv.kz

Қостанай облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы бесеуі зардап шекті, деп хабарлайды Skifnews.kz   ақпарат порталы Astana.tv-ға сілтеме жасап.  

Оқиға 23 желтоқсанда кешке "Алматы – Қостанай – Екатеринбург" тас жолында болған. Станционный ауылы маңында SsangYong Musso көлігінің 72 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол бойында тоқтап тұрған тіркемесі бар "КАМАЗ" көлігіне соқтығысқан.

КАМАЗ-бен соқтығысқан SsangYong кері айналып кеткенде оны бар жылдамдығымен Lada Granta келіп соғып кеткен. Салдарынан SsangYong жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары