$ 494.87  520.65  4.91

Есік қаласында сауда орталығы өртенді

Өрттің жалпы ауданы 1958 шаршы метрді құрады.

Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Алматы облысы, Есік қаласында сауда үйі өртенді, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы.

Облыстық ТЖД мәліметінше, 2023 жылғы 24 желтоқсанда сағат 03:35-те Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында Фрунзе мен Алматы көшелерінің қиылысында перделер мен кілемдер сататын сауда павильондарының қалқасы, билбордтар жанып, «Со склада» жиһаз және азық-түлік дүкенінде өрт шыққаны, өрттің «Пассаж» және «Шамшат» сауда үйлерінің шатырына көшкені туралы хабарлама келіп түскен.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері сағат 03-40-та келген кезде «Пассаж» СҮ сауда павильондары, дүкендері мен шатыры отқа оранған болатын. Оқиға орнына жақын маңдағы бөлімшелердің күштері мен құралдары да жіберілді. Өртке қарсы қызметіне өрт туралы кеш хабарлау өрттің үлкен аумаққа таралуына себеп болды. Қабылданған шаралардың арқасында сағат өрт 06.20-да оқшауланып, сағат 07.40-та сөндірілді. Өрттің жалпы ауданы 1958 шаршы метрді құрады.

Жақын маңдағы «Халифа» сауда үйіне, киім қоймасына және жиһаз дүкеніне оттың таралуына жол берілмеді.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД анықтау бөлімінің және сынақ өрт зертханасының бастығы жіберілді. Өртті жоюға Алматы облысы ТЖД 34 қызметкері мен 11 техникасы, 6 жол патрульдік қызметінің 3 техникасы, 6 қызметкер және жедел медициналық жәрдем бригадасының 2 техникасы жұмылдырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары