КАМАЗ-бен соқтығысқан SsangYong кері айналып кеткенде оны бар жылдамдығымен Lada Granta келіп соғып кеткен.
Қостанай облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы бесеуі зардап шекті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Astana.tv-ға сілтеме жасап.
Оқиға 23 желтоқсанда кешке "Алматы – Қостанай – Екатеринбург" тас жолында болған. Станционный ауылы маңында SsangYong Musso көлігінің 72 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол бойында тоқтап тұрған тіркемесі бар "КАМАЗ" көлігіне соқтығысқан.
КАМАЗ-бен соқтығысқан SsangYong кері айналып кеткенде оны бар жылдамдығымен Lada Granta келіп соғып кеткен. Салдарынан SsangYong жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.