$ 441.66  475.14  4.86

Әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегерлеріне пәтер мен көлік берілді (ВИДЕО)

Жалпы, 117 жүлде жеңіп алған спортшыларымызды 60 миллион теңгеден астам қаржылай сыйлықпен Ұлттық күрес федерациясы марапаттады.

 

Фото: Қазақстан күрес федерациясы
Фото: Қазақстан күрес федерациясы

Қазақстан күрес федерациясы жылды қорытындылау конференциясын өткізіп, Әлем және Азия чемпионаттарында, Азия Ойындарында жүлде алған барлық палуандарды марапаттады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстан Республикасының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы 2023 жылды қорытындылап, барлық санатта (ересектер, U17, U20, U23) биылғы жылы әлем және Азия чемпионаттарында, Азия Ойындарында жүлде алған палуандарға құрмет көрсетті. 

Еркін күрестен қазақтардан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанға Olimpbet букмекерлік кеңсесі пәтер сыйлады.

Әлем чемпионатында қола жүлде еншілеген Азамат Дәулетбековқа белгілі меценат Дулат Тастекей темір тұлпардың кілтін табыс етті. Азаматқа бұл Париж Олимпиадасының алдында үлкен мотивация.

Сонымен қатар әлем чемпионатында қола медаль сонымен алған Жәмила Бақбергеноваға да күрес жанашырлары темір тұлпар мінгізді.

Грек-рим күресінен әлем чемпионы атанған Исхар Құрбаев және тұнғыш әлем чемпионы (U23) Сұлтан Әсетұлына да пәтер берілді.

Барлық санатта әлем және Азия чемпионатында медаль иеленген палуан қыз-жігіттер ақшалай марапатталды.

Биылғы жылдың ең үздік палуан Ризабек Айтмұқан деп танылып, арнайы марапат табыс етілді.

Бұндай шара елімізде алғаш рет ұйымдастырылды. Барлығына демеушілік жасаған күрес жанашырлары әрі кәсіпкерлер.

Палуандарымыз алдағы уақытта осы азаматтарды ұятқа қалдырмай биылғы жеткен жетістіктерден жоғары өнер көрсетеді деген сеніміз мол.

Жалпы, 117 жүлде жеңіп алған спортшыларымызды 60 миллион теңгеден астам қаржылай сыйлықпен Ұлттық күрес федерациясы марапаттады.

Айта кетейік, бүгінде күрестің үш түрінен ресми халықаралық жарыстарда ұлттық құрама қоржынында барлығы 117 медаль бар. Оның ішінде спортшылар 26 алтын, 33 күміс, 58 қола медаль иеленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары