Бұған дейін журналист Қымбат Досжан анасы болуы мүмкін деген үш әйелдің бірі ДНҚ тапсырғанын айтқан.
Бельгиялық отбасы асырап алған қазақтың баласы, 21 жастағы Эдди Жан ДНҚ нәтижесін күтіп жүргенін айтты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Біз ДНҚ нәтижесін күтіп жүрміз. Көңілім біраз орнына түскендей болды, - деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін журналист Қымбат Досжан баланың анасы болуы мүмкін деген күдік бар үш әйелдің бірі ДНҚ сынамасын тапсырғанын да айтқан еді.