$ 443.44  480.51  4.88

Аманжол Әлтаев: Өзімізді өзгеге сыйлата алмасақ, не болғанымыз? (ВИДЕО)

«Қазақ ұрпақтың тәрбиесіне, бесігінде емес, анасының құрсағында жатқаннан бастап мән берген».

Айтыскер ақын, ҚР Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтаев «Qasqa Jol» ютуб-каналына сұхбат беріп, ұлт пен ұрпақ тәрбиесі туралы ойларымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Депутаттың айтуынша, біз қазір ұрпақ тәрбиесіне аса мән беруіміз қажет. 

Біз өкінішке қарай, бүгінгі қоғамда ненің қымбат, ненің арзан екенін шатастырып алдық, ненің бағалы, ненің бағасыз екенін шатастырып алдық. Біздің қазақ халқының ғасырлар безбеніндегі өмір сүру әдебінде, жүйсінде біздің ең асылымызда, ең қымбаттымыз да - қазақ қыздары еді ғой. Қазақ "қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқанына қиналамын" дейді. Алладан тілегенде қазақ сөздерінің ең қастерлісінің бірі - қарнымды ашырсаң да, қадірімді қашырма дейді. 

Ал, біз өкінішке қарай, бүгінгі таңда қадірдің қашқанын емес, қарнымыздың ашқанын көп сөз қылатын болдық.Ал, ойланып қарасаңыз, қыздың тәрбиесінен, қыздың ар-ұятынан, ұрпақтың тәрбиесінен маңызды не болуы мүмкін? 

Экономиканың жыртық-тесігі көбейіп, құлдырап жатса, маңызды дұрыс реформалар арқылы, жемқорлықты жең арқылы ертең қалыпқа келтіре аласың. Саяси тұрақтылықты да солай қалыпқа келтіре аласың. Ал, ұлттың, ұрпақтың тәрбиесі бүлінсе, не істемексің?

Жаңағы біз айтып отырған экономикалық тұрақтылық, саяси тұрақтылық, осының барлығының алтын тамыры, алтын діңгегі - салауатты ұрпақ қалыптастырудан туындайды. Қазақ ұрпақтың тәрбиесіне, тіпті, бесігінде емес, анасының құрсағында жатқаннан бастап ұрпақ тәрбиесіне мән берген. 

Сондықтан қазір біздің елемізге шетелден келіп жатқан эстраданың өкілдерін қалай болса солай, сүзгіден өткізбей, оларға ешқандай талап қоймай, солардың алдына аруларымызды қалай болса солай алдына тосып, өзімізді өзгеге сыйлата алмасақ, не болғанымыз?, деді Аманжол Әлтаев. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары