$ 494.87  520.65  4.91

«Ұлыма кісі өлтірді деген айып тағылды»: Бишімбаевтың әкесі ІІМ-ге арыз жазды

Уәлихан Бишімбаев өз мәлімдемесінде "блогерлер мен БАҚ өкілдерінің істің тергеу барысына қысым көрсетуінің нәтижесінде оның ұлына кісі өлтірді деген айып тағылғанын" жазған.

Фото: ratel.kz
Фото: ratel.kz

Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған Қуандық Бишімбаевтың әкесі БАҚ өкілдеріне қарсы ішкі істер министрлігіне арыз жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz aқпарат порталы.

"ГИПЕРБОРЕЙ" YouTube-арнасының авторы Вадим Борейконың хабарлауынша, Уәлихан Бишімбаев ішкі істер министрі Ержан Сәденовке, бірнеше журналистің, блогерлер мен БАҚ өкілдерінің үстінен арыз тастаған, деп жазады inbusiness.kz.

Уәлихан Бишімбаев Борейконың "Қуандық Бишімбаев ақыл-есі дұрыс емес деп танылып, жауапкершіліктен құтылуы мүмкін" деген сөзін "оның ұлын, бүкіл отбасын көпшілік алдында қорлау" деп есептеді.

Учаскелік полиция қызметкеріне жазған түсіндірме хатында журналист айтылғанның бәрі оның жеке пікірі екенін түсіндірді.

Егер сот Бишімбаевты ақыл-есі кем деп танымаса, мен өз арнамдағы эфирде болжамым дұрыс болмағанын мойындаймын, – деп жазды Борейко.

Оның айтуынша, Уәлихан Бишімбаев өз мәлімдемесінде "блогерлер мен БАҚ өкілдерінің істің тергеу барысына қысым көрсетуінің нәтижесінде оның ұлына кісі өлтірді деген айып тағылғанын" жазған.

Бұл сөздер Бишімбаевтардың кінәсін мойындамайтынын және жауапкершіліктен жалтару үшін барлық шараны қолданатынын көрсетеді. Журналистер мен блогерлерге жасалған шабуылдар – осы шаралардың бірі, енді олар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 15
Күлкілі 38
Ашулы 86

Серіктес жаңалықтары