$ 443.03  480.38  4.91

Қазақстанда «Отбасы банк» арқылы 62 298 қазақстандық баспаналы болды

Отбасы банктің «Отбасылық пакеті» шеңберінде өз кірісіңді ұлғайтуға болады.

Фото: astanatv.kz
Фото: astanatv.kz

2023 жылдың қорытындысы бойынша жаңа немесе бұрыннан жинақ шоттарының иелері мемлекет тарапынан 20% көлемінде сыйлықақы алады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қаласының «Отбасы банк» АҚ директоры Данагүл Түсіпова айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz aқпарат порталы Astanatv.kz-ға сілтеме жасап.

Спикер келтірген мәліметке сай, 2023 жылы Алматының 11 200 тұрғыны Отбасы банктің көмегімен қоныс тойын тойлады. Тағы 24 500 қала тұрғыны депозит ашып, болашақта қолжетімді шарттар бойынша тұрғын үй сатып алу үшін қаражат жинай бастады.

Банктің жылдық 2% мөлшеріндегі сыйақысын және мемлекет сыйлықақысын ескергенде Отбасы банктегі депозиттер бойынша тиімді мөлшерлеме жылдық 14%-ға жетуі мүмкін.

Біздің қолдауымыздың арқасында күн сайын орта есеппен 235 бақытты отбасы қоныс тойын атап өтеді. Биыл Отбасы банк көмегімен өзінің тұрғын үй мәселесін 62 298 қазақстандық шешті, - деп атап өтті ол.

Айтуынша, Отбасы банктің «Отбасылық пакеті» шеңберінде өз кірісіңді ұлғайтуға болады.

Ол үшін Сіз отбасының бірнеше мүшесіне депозит ашуыңыз керек, сонда сыйлықақы әр салымға есептеледі. Мысалы, егер отбасы айына белгілі бір соманы үнемдеуді жоспарлаған болса, онда отбасы оны «Отбасылық пакет» шеңберінде бірнеше салым арасында бөлу арқылы әр салым үшін мемлекет сыйлықақысын алатын мүмкіндікке ие болады. Содан кейін қажетті соманың жинақталуы тезірек болады, - деп түсіндірді спикер.

Банк салымшысы жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шешім қабылдағаннан кейін бір отбасының барлық шоттарын біріктіріп, қарыз алуына болады.

Бүгінгі таңда қазақстандықтар үшін ең қолжетімді қарыз түрі – тұрғын үй қарызы. Мұндай қарыз шотта кемінде 3 жыл мерзім ішінде тұрғын үй құнының кемінде 50%-ы жинақталған жағдайда беріледі. Қалған соманың 50%-ын клиент жылдық 3,5%-дан 5%-ға дейінгі мөлшерлеме (ЖТСМ 3,6%-дан бастап) бойынша алады,- дейді Данагул Түсіпова.

Спикердің сөзінше, қаржы жинақтау мүмкіндігі қазақстандық отбасыларға тұрғын үй мәселесін шешуге көмектеседі.

Сыйлықақы төлеуге арналған қаражат жыл сайын республикалық бюджетте көзделеді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 1,9 млн қазақстандық 75 млрд теңге көлемінде мемлекет сыйлықақысын алды.

Мемлекет сыйлықақысы 200 АЕК (2023 жылы 1 АЕК 3 450 теңгеге тең) немесе 690 000 теңгеден аспайтын сомаға есептеледі. Егер осы жыл ішінде Отбасы банктің депозит ұстаушысы осы қаражатты өз шотына жинаса немесе оларды бір мезгілде енгізсе, онда ол 2023 жылдың қорытындысы бойынша ең жоғары сыйлықақы – 138 000 теңгені алады, ол үшін банк салымшылары өз депозиттерін 2023 жылдың 29 желтоқсанына дейін толықтырып үлгерулері керек,- дейді Отбасы банктің Алматы қалалық филиалының директоры Данагул Түсіпова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары