Ақын-жазушыларды жатқа айтып отырған сәтінің видеосын анасы ТікТок парақшасында жариялаған.
Қазақ зиялыларының аты-жөні мен суретін жатқа білетін бүлдіршін көпті сүйсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Балабақша жасындағы баланың ақын-жазушыларды жатқа айтып отырған сәтінің видеосын анасы ТікТок парақшасында жариялады.
Видеода қолына "Әдебиеттік оқу" пәнінің оқулығын ұстаған балақайдың анасы кітапты парақтап отырып, ұлынан ондағы ақын-жазушылардың аты-жөнін сұрайды. Бүлдіршін "Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынов" деп қазақ зиялылыларының есімдерін айтып береді.