$ 494.87  520.65  4.91

Үкімет 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын мақұлдады

Тұжырымдама еңбекті қорғау саласындағы бақылау мен мониторингтің тиімділігін арттыруы керек. 

 

 

Фото: ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы
Фото: ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы қаралды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, осы салада қалыптасқан проблемаларды кезек күттірмей шешу үшін Қазақстанда алғаш рет 2030 жылға дейінгі Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы әзірленді.

Құжат мынандай маңызды шараларға бағытталған:

- халықаралық стандарттарды орындау және еңбек жағдайының сапасын арттыру;

- деректер базасын интеграциялау арқылы ұйымдарда еңбекті қорғау саласындағы проактивті мемлекеттік бақылауды күшейту;

- жұмыс берушілерді экономикалық ынталандыру шараларының тиімділігін арттыру;

- өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру моделін енгізіп, жұмыс күшін үнемдеу жүйесін құру.

Үкімет мүшелері тұжырымдаманы мақұлдау туралы қаулы қабылдады.

Бұл құжат ең алдымен, кәсіптік қауіп-қатерлер мен өндірістік жарақаттану деңгейін және кәсіптік ауру түрлерін төмендетуге бағытталған. Барлық тәуекел алдын ала ескерілетін болады. Өндірістегі қауіпсіздік саласын цифрландыру осы мәселелерді шешуге ықпал етуі тиіc, – деді Премьер-Министр.

Оның айтуынша, Тұжырымдама еңбекті қорғау саласындағы бақылау мен мониторингтің тиімділігін арттыруы керек. 

Ұсынылған құжат бойынша дауыс беру рәсімінен кейін Үкімет басшысы Тұжырымдаманың іс-шараларының барлығын орындау бойынша жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыруды тапсырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары