26.12.2023, 11:00

Қазақ зиялыларын жатқа білетін 3 жасар бүлдіршін көпті сүйсіндірді (ВИДЕО)

Ақын-жазушыларды жатқа айтып отырған сәтінің видеосын анасы ТікТок парақшасында жариялаған.

Қазақ зиялыларының аты-жөні мен суретін жатқа білетін бүлдіршін көпті сүйсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Балабақша жасындағы баланың ақын-жазушыларды жатқа айтып отырған сәтінің видеосын анасы ТікТок парақшасында жариялады.

Видеода қолына "Әдебиеттік оқу" пәнінің оқулығын ұстаған балақайдың анасы кітапты парақтап отырып, ұлынан ондағы ақын-жазушылардың аты-жөнін сұрайды. Бүлдіршін "Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынов" деп қазақ зиялылыларының есімдерін айтып береді.