$ 443.44  480.51  4.88

Әлихан Смайылов: «АрселорМиттал Теміртауда» адам өлімі 7 еседен астам өскен

Үкімет басшысының мәліметінше, елімізде жыл сайын 2 мыңға жуық адам жұмыс барысында жарақат алады. Оның ішінде 200-ден астам адам мерт болады.

Фото: ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы
Фото: ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы

Елдегі кәсіпорындардың 32%-ы ғана өз қызметкерлерін сақтандырып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қазақстанда 500 мыңға жуық адам зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейді. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде бұл көрсеткіш өндірістік процестерді автоматтандыру және қауіпсіздік техникасы деңгейін арттыру есебінен жыл сайын азайып келеді. Ал бізде өндірістік жарақат алу көрсеткіші біршама жоғары екенін атап өтуге тура келеді, – деді ол.

Үкімет басшысының мәліметінше, елімізде жыл сайын 2 мыңға жуық адам жұмыс барысында жарақат алады. Оның ішінде 200-ден астам адам мерт болады.

Мысалы, биыл «Қазақмыс» компаниясында өндірістік жарақат алу көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсіп кетті. Бұрынғы «АрселорМиттал Теміртауда» соңы адам өлімімен аяқталған қайғылы жағдайлардың саны 7 еседен астам өскен. Өндірісте қазір қолданылып жүрген жазатайым оқиғалардан сақтандыру жүйесі жұмыс берушілерді еңбек жағдайларын жақсартуға ынталандырмайды. Бүгінде кәсіпорындардың тек 32%-і ғана өз қызметкерлерін сақтандырып отыр, – деді Әлихан Смайылов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары