Оның 35-і сенатқа жолданып, 26-сына президент қол қойды.
Биыл заңсыз активтерді мемлекетке қайтару жұмыстарының нәтижесінде 1 триллион теңге көлемінде капитал ел қазынасына қайтарылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 24.kz-ке сілтеме жасап.
Ілкімді істің қарқын алуына заңсыз активтерді қайтару туралы заңның қабылдануы себеп.
Жалпы жыл басынан бері төменгі палата қабырғасында 106 заң қаралған. Оның 35-і сенатқа жолданып, 26-сына президент қол қойды. Заң жобаларын талқылауда депутаттар белсенді жұмыс істеуде. Олар осы кезеңге дейін 233 рет депутаттық сауал жолдаған. Бұл туралы қорытынды отырыста мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәлімдеп, депутаттарға алғыс білдірді.
Парламенттік талқылаудың, депутаттық сауалдың мазмұны мен деңгейі жаңа сатыға көтерілді. Осылайша барлығымыз жаңа саяси медәниет қалыптастыруға атсалыстық. Биыл депутаттар мемлекет басшысының күшті президент, ықпалды парламент, есеп беретін үкімет саяси формулласын іске асыруға белсенді түрде үлес қосты. Келер жылы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамаларын жүзеге асыру және халықтың мүдддесін қорғау бойынша жұртшылықпен тығыз қарым-қатынаста жұьысты жалғастыратын боламыз, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов.