$ 494.87  520.65  4.91

Уәкілетті орган кәсіпкердің 11 цистерна тауарын заңсыз ұстаған

Бас көлік прокуратурасының хабарлауынша, «ҚТЖ» АҚ кәсіпкерге 800 мың теңгеден астам вагондар бос тұрғаны үшін төлем шотын жіберді.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Шымкент көлік прокуратурасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді тобы жүргізген тексерулердің бірінде станциялық теміржол жолдарында 11 вагон-цистернаны заңсыз ұсталғанын анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сонымен құқық қорғау органы қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларын бұза отырып, тауарларға құқық белгілейтін құжаттарды елемей (мұнай өнімдеріне қатысты «нафта» сұйықтығыемес екендігі нақты көрсетілген) тексеру шараларын жүргізген.

Бас көлік прокуратурасының хабарлауынша, «ҚТЖ» АҚ кәсіпкерге 800 мың теңгеден астам вагондар бос тұрғаны үшін төлем шотын жіберді.

Көрсетілген күтпеген мәжбүрлі шығындардан басқа, адал кәсіпкер өзінің шарттық міндеттемелері бойынша тауарды жеткізу мерзімдерін бұзу салдарынан елеулі материалдық шығынға ұшырады, сондай-ақ іскерлік беделін де түсірген.

Прокурорлық шаралар қабылданғаннан кейін ғана кәсіпкердің тауарлары өз бағыты бойынша жүрді, құқық қорғау органының кінәлі қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен бірге іс жүргізу шешімін қабылдау үшін оларға қатысты материалдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жіберілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары