$ 441.58  480  4.86

«Паспорт алуға құжаттарын тапсырды». Ресейлік тенисші Қазақстан атынан өнер көрсетпекші

Иә, Шевченконың Қазақстан үшін ойнағысы келетініне көп болды.  

Фото: Global Look Press
Фото: Global Look Press

Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті, Азия теннис федерациясының (ATF) президенті Юрий Польский ресейлік Александр Шевченконың Қазақстан туы астына өтетіні жөнінде әңгімеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Иә, Шевченконың Қазақстан үшін ойнағысы келетініне көп болды.  Ол бізге сондай өтініш берді. Александр көптен бері Словакияда өздігінен жаттығып жатыр. Ол біздің ойыншыларымызды жақсы біледі, бізде теннистің жүйелі түрде жолға қойылғанын, команданың әр мүшесіне көзқарас ерекше екенін түсінеді. Сондықтан осы қатарға қосылғысы келеді. Барлық құжат дайын деуге болады. Паспорт алуға құжаттарын тапсырды. Таяу уақытта бұл мәселе қаралып, ол АТР жарыстарында Қазақстан атынан өнер көрсете алады. Бірақ ұлттық құрама сапында Александр Шевченко азаматтық алғаннан соң екі жылдан кейін ғана ойнай алады – ITF-дағы жалпы тәртіп осындай. Юрий Польский

Айта кетейік, 2000 жылы 19 қарашада туған ресейлік теннисші ATP санатындағы бір турнирдің финалисі. Ол дәл қазір ATP рейтингінде 48-орында тұр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары