$ 494.87  520.65  4.91

Өзбекстанның танымал боксшысын Мәскеуде пышақтап кетті

Бұл оқиға оның чемпиондық титул үшін жекпе-жегі алдында болған.

Фото: 1bol.kz
Фото: 1bol.kz

Өзбекстанның танымал боксшысын Мәскеуде пышақтап кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

Аса жеңіл салмақта өнер көрсететін өзбекстандық кәсіпқой боксшы Шохжахон Эргашевті (23-1, 20 KO) Мәскеуде пышақтап кеткен деп жазады Vesti.kz. Бұл оқиға оның чемпиондық титул үшін жекпе-жегі алдында болған.

Биыл қараша айында Эргашев Лас-Вегаста IBF чемпионы пуэрторикалық Субриэль Матиаспен жұдырықтасып, бесінші раундтан кейін техникалық нокаутпен жеңілді. Бұл оның спорттық мансабындағы алғашқы жеңілісі. Промоутерінің айтуынша, бұл жеңіліске сол пышақ жарақаты тікелей себеп болған.

Шохжахон нағыз батыр, ол жарақатына қарамастан чемпиондық титул үшін болған жекпе-жектен бас тартқан жоқ. Пышақ жарақатын алған аяғы жұдырықтасу кезінде ісіп кетті, жүруі қиындады. Амал жоқ, жекпе-жекті тоқтатуға тура келді, - деді промоутер Дмитрий Салита.

Ал, спорт шолушысы Джалол Ахмедов Шохжахонның пышақталған сәтінен фотосурет жариялады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары