$ 442.05  474.14  4.74

Футболшы Нұралы Әліптің «Реалға» ауысатыны рас па

Бұл сыбыс отандасымыз ойнайтын «Зенит» клубының басшылығына да жетіпті.

Фото: TFR
Фото: TFR

БАҚ-та қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліпке Испанияның атақты «Реал» клубы қызығушылық танытып, қысқы трансфер кезінде жалға алуы мүмкін деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл сыбыс отандасымыз ойнайтын «Зенит» клубының басшылығына да жетіпті. Клубтың басқарма төрағасы Александр Медведев «корольдік» клубтың петерборлық команда қорғаушысына қызығушылық танытып отырғанын жоққа шығарды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Өсекке қатысты пікір білдірмейміз, – деді Медведев қысқа ғана.

24 жастағы Әліп «Зенитпен» 2022 жылғы желтоқсанда келісімшартқа қол қойды, оған дейін ол клубта жалға алу құқығымен өнер көрсетіп жүрген.

Биылғы маусымда ол «Зенит» сапында 23 матч өткізіп үлгерді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары