Мәулен Әшімбаев бұл сұраққа жауап берді.
Сенаттың жалпы отырысының кулуарында спикер Мәулен Әшімбаев Әнұран авторлығына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
БАҚ өкілдері Сенат төрағасына "Әлеуметтік желіде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты әнұран авторлығынан алып тастауға қатысты ақпарат жарияланып жатыр. 2024 жылы "Авторлық құқықты қорғау туралы" заң қарастырылғанда Әнұран авторлығынан Нұрсұлтан Назарбаевтың атын алып тастау мүмкін бе?" деген сұрақ қойды.
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев бұл сұраққа былай жауап берді:
Бұл мәселеге әріптесіміз бірнеше рет жауап берген. Бұл – қазір депутаттар айналысатын ең өзекті мәселе емес шығар. Реформаға қатысты көптеген мақсат бар. Осы қыстан дұрыс өтуіміз керек. Бұл мәселеге әріптесіміз де жауап берді ғой, - деді Әшімбаев.