$ 439.43  473.31  4.82

Бибісара Асаубаева әлем чемпионатында төрт ойынның үшеуінде жеңіске жетті

Биылғы чемпионаттың жүлде қоры қомақты - 1 миллион АҚШ доллары.

 

Фото: ДРС баспасөз қызметі
Фото: ДРС баспасөз қызметі

Қазақстандық Бибісара Асаубаева Өзбекстанда шахматтан өтіп жатқан Әлем чемпионатында төрт ойынның үшеуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ұпай саны 5,5. Ал бірінші орында 7 ұпаймен ресейлік Анастасия Бондарук тұр. Алайда бүгін болатын шешуші кезеңде жағдай түбегейлі өзгеруі мүмкін.

Айта кетейік, биылғы чемпионаттың жүлде қоры қомақты - 1 миллион АҚШ доллары.

Айта кетейік, Самарқандта бұл күндері 2023 жылдың ең маңызды оқиғалары - ерлер мен әйелдер арасындағы рапид пен блиц бойынша әлем чемпионаттары өтіп жатыр.

Қазақстан шахмат федерациясының хабарлауынша, ерлер чемпионатында шахматшылар 13 партия ойнайды. Алғашқы бес турдан кейін біздің ойыншылар арасында 3,5 ұпай жинаған Денис Махнёв үздік нәтиже көрсетуде. Арыстан Исанжулов пен Ернұр Амангелді 3 ұпайдан жинады. 

Баршаға мәлім, кеше Ернұр әйгілі Ян Непомнящиймен тең түсті. Қалған тоғыз қазақстандық шахматшының нәтижелерін жақсартуға әлі уақыты бар, өйткені алда тағы сегіз тур күтіп тұр.

Әйелдер чемпионатында 11 тур ойналатын болады. Жанкүйерлердің басты үміті 2021 жылғы рапидтен әлемнің вице-чемпионы және блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаевада. Төрт турдан кейін Меруерт Камалиденова 3 ұпай, Алуа Нұрманова мен Ксения Балабаева 2,5 ұпайдан жинады, - делінген федерация хабарламасында. 

Осы чемпионатта еліміздің намысын барлығы 23 шахматшы қорғап жатыр.

Биылғы чемпионаттың жүлде қоры қомақты - 1 миллион АҚШ доллары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары