$ 494.87  520.65  4.91

Солтүстік Қазақстан облысында 20 ауыл үш күннен бері жарықсыз отыр

Қатты желдің кесірінен электр сымдары үзіліп, шағын станциялар жаппай істен шықты.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Солтүстік Қазақстан облысында 20 ауылдың халқы үш күннен бері жарықсыз отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz   ақпарат порталы.

24.kz мәліметінше, сала мамандары жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылуын ауа райының қолайсыздығымен түсіндіреді. Өңірде 26 желтоқсан күні жаңбыр жауып, соңы боранға ұласқан. Қатты желдің кесірінен электр сымдары үзіліп, шағын станциялар жаппай істен шықты.

Төтенше жағдайға байланысты арнайы штаб құрылды. 92 бригада жасақталды. Күні бүгін аймақтағы электр желілерінің 95 проценті әбден тозған.

Бірінші кезекте біз әлеуметтік нысандарды бақылауға алдық. Яғни орталық қазандықтар, аурухана, балабақшамен мектептерге генераторлар қойылды. Қазір жағдай облыс басшысының жіті назарында. Жұмыстар атқарылып жатыр. Техника бар. Сәтін салса ертең кешке дейін барлық елді мекенге жарық беріледі деген ойдамыз, дейді облыстық энергетика және түкш басқармасының бөлім басшысы Ерлан Қайырбеков.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары