$ 442.05  474.14  4.74

Ризабек Айтмұхан жылдың үздік спортшысы атанды

Ол 1,5 миллион теңге ақшалай сыйақымен марапатталды.

 

 

Фото: www.gov.kz
Фото: www.gov.kz

Еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан ASSYLTAS қоғамдық қорының ұйымдастырумен өткен «Жыл үздігі» конкурсында жеңімпаз атағын жеңіп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол  ASSYLTAS стипендиясының иегері атанып, 1,5 миллион теңге ақшалай сыйақымен марапатталды.

Ризабек Айтмұхан жуырда 2023 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік» атты спортшыларды салтанатты марапаттау іс-шарасында «Спорттағы үздік серпін» аталымын жеңіп алды.

Одан бөлек, ол Қазақстан күрес федерациясы жылды қорытындылау конференциясында OLIMPBET букмекерлік кеңсесінің өкілі биылғы әлем чемпионатында ғажап қайсарлық танытып, отандық күрестің тарихын қайта жазған аса дарынды балуанға пәтер сыйлады. Оның алдында Алматыда белгілі кәсіпкер Ерлан Қожасбай тұңғыш рет қазақ балуандары арасында еркін күрестен әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұханды жеңісімен құттықтап, Zeekr автокөлігін сыйға тартты.

Еске салсақ, Ризабек Айтмұхан Сербияның астанасы – Белград қаласында күрес түрлерінен өткен әлем чемпионатында тұңғыш рет бас жүлдені жеңіп алды. Әрине, қазақта күрестен халықаралық аренада мойындалған, құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілген талай балуандар болған. Солардың бірі деп аты аңызға айналған Қажымұқан Мұнайтпасұлын айтсақ болады. Дегенмен КСРО кезінде де одан кейінгі еліміз тәуелсіздігінің ақ таңы ағарып атқан кезден бері де күрестің осы түрінен әлем чемпионы атағын жеңіп алған балуан болған емес.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары