$ 494.87  520.65  4.91

-2-ден +1 градусқа дейін жылиды: Елордалықтарға сақ болуға кеңес берілді

Желтоқсан айының соңына қарай ауа температурасының жоғарылауы мұздың еруіне және оның жұқаруына әсер етеді.

 

Фото: ТЖД
Фото: ТЖД

Жаңа жылдық мерекелер кезінде елордада ауа райы -2-ден +1 градусқа дейін жылиды. Бұл мұздың күрт еруіне және қалыңдығының төмендеуіне әкеледі. Құтқарушылар астаналықтарға ескерту жасап, су айдындарына барудан бас тартуды сұрайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желтоқсан айының соңына қарай ауа температурасының жоғарылауы мұздың еруіне және оның жұқаруына әсер етеді.

Осыған байланысты, мұзда болған кезде күтпеген және төтенше жағдайларды болдырмау үшін Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорда акваторияларының мұз бетінде қандай да бір бұқаралық спорттық іс-шараларды, ойындарды, сырғанауларды өткізуден бас тартуды ұсынады.

Мұзда қауіпсіз болудың негізгі шарты оның қалыңдығының қоса берілген жүктемеге сәйкестігі: бір адам үшін – кемінде 10 сантиметр, ал бұқаралық спорттық, мерекелік іс-шараларды және автокөлік өткелдерін ұйымдастыру үшін кемінде 25 сантиметр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары