$ 443.37  474.49  4.83

Сот «НеМолчи» қорының жетекшісін қамауға алуға рұқсат берді

Айтуынша, оның жұбайы екеуінің шоттары бұғатталған. Сондықтан олар ақылы заң көмегіне жүгіне алмай отыр.

 

 

 

Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Сот «НеМолчи.kz» қорының басшысы Динара Смайылованы қамауға алуға санкция берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.  

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының мәліметінше, 16 қазанда Өскемен қалалық ІІБ Смайыловаға қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Дина Таңсәрінің қылмыстық іс бойынша әрекеті қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен сараланып, оған мемлекетаралық іздеу жарияланған.

28 желтоқсан күні Өскемен қаласының мамандандырылған тергеу соты Д.Б.Смайыловаға қатысты қамауға алынған күннен бастап екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады, – делінген хабарламада.

Тағы оқи отырыңыз: «НеМолчи.kz» қорының басшысы Дина Таңсәріге іздеу жарияланды

Сондай-ақ ол алаяқтық бойынша қозғалған істерге қатысты түсініктеме берді. Айтуынша, оның жұбайы екеуінің шоттары бұғатталған. Сондықтан олар ақылы заң көмегіне жүгіне алмай отыр.

Барлық есепшоттар мен аударымдар бар. Бірақ олар менен оны сұрамады, істің басталғанынан хабардар етпеді. Тіпті менің дәлелдерімді тыңдамады, есептерімді зерттемеді. Олар есептер жоқ таңдаулы посттарды ғана іске қосқан, – деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары