Олар үшін арнайы автотұрақтар салынады.
Алматыға сырттан келетін көліктер кіргізілмейді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Олар үшін арнайы автотұрақтар салынады. Құрылыс келесі жылы басталады. Мұндай тұрақтарды әкімдік «Барлық базары», «Құлжа тракті» мен «БАКАД» аумағында салуды жоспарлап қойған.
Қала ішіндегі 53 жол кеңейтіліп, онда автобус жолақтары пайда болады. Жергілікті билік осылайша қоғамдық көлікпен жүретін жолаушылар санын 75 пайызға жеткізбекші. Биыл 600 автобус сатып алса, келесі жылы тағы 700-ін алмақшы.
Сондай-ақ, мегаполисте 2025 жылға дейін метро ұзартылып, қазір құрылысы жүріп жатқан «Қалқаман» станциясы қолданысқа беріледі.
Ал, 2030 жылға дейін жер асты жолын «Барлық» базарына дейін созу көзделген.
Мұның бәрін жүзеге асыруға 5,7 трлн теңге жұмсалуы мүмкін.