$ 494.87  520.65  4.91

Жезқазған мен Сәтбаев қалалары қосылуы мүмкін

Оған дейін инвесторларға өз жобаларын жүзеге асыру үшін бөлінген жерлер аукционға қойылады.

Фото: astana.citypass.kz
Фото: astana.citypass.kz

Жезқазған мен Сәтбаев қалалары қосылуы мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 24.kz-ке сілтеме жасап.

Екі кезеңде іске асырылатын басты құжатта әлеуметтік-экономикалық даму тетіктері және ғылым мен білімді жетілдіру жолдары нақтыланған. Жаңадан құрылған Ұлытау облысының орталығында қазір шешімін күткен мәселе көп. Бас жоспардың жоқтығынан тұрғын үй құрылысына қатысты жобалардың бірқатары мерзімінен кешікті. Шағын шаһардың болашақ кейпі қандай болмақ?

Үкімет мақұлдаған бас жоспар бір жылда тұрғындар талқысына 3 мәрте түсті. Қала халқының ұсыныс-тілегін ескере отырып жасалған жоба алдағы 15 жылды қамтиды. Тұрғын үй аумағы 100 гектарға ұлғаяды. Бас жоспар бойынша болашақта Жезқазған мен Сәтбаев қаласы бірігіп, үлкен шаһарға айналмақшы.

Ширек ғасыр Жезқазғанда тұрғын үй құрылысы болмады. Соңғы 2-3 жылдың көлемінде ғана бірен-саран жоба жүзеге асты. Ал бұрыңғы үйлер толығымен ескірген. Бұл мәселенің де шешімі бас жоспарда көрсетілген. Яғни, енді Жезқазғанға қаржы құюға ниетті инвесторларға кедергі жоқ.

Бас жоспарда қаланың экологиялық ахуалын жақсарту бағытында да біршама жұмыстар қолға алынады. Ең бірінші кезекте тұрмыстық қалдықтарды төгетін полигонның орны ауыстырылады. Қаланың ішіндегі жасыл желектің саны 2 есеге көбейеді.

Ал Кеңгір су қоймасының жағалауы түгелдей демалыс орнына айналады. 29 балабақша, 8 мектеп, 7 аурухана бой көтереді. Себебі, былтырдан бері қала тұрғындарының саны едәуір артты. Бас жоспарды жүзеге асыру алдағы жылдың наурыз айынан басталады.

Оған дейін инвесторларға өз жобаларын жүзеге асыру үшін бөлінген жерлер аукционға қойылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары