$ 442.05  474.14  4.74

Астанада коммуналдық қызмет күшейтілген режимге ауысты

Қазгидрометтің мәліметінше, елордада жауын-шашынмен қар жауады, желдің екпіні 20 м/с-тан асады.

 

Фото: Астана қаласының әкімдігі
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Бүгін Астанада жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсті. Көшелерді тазарту үшін коммуналдық қызметтер 1000-нан астам арнайы техника мен 700-ге жуық жол жұмысшыларын жұмылдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді, сондай-ақ қар тазалау бағыттарын түзетеді.

Ең алдымен, ережелерге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс аймақтары тазартылады. Сондай - ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кіреберіс жолдар және т. б. қардан тазартылады.

Қыс мезгілі басталған уақыттан бері 800 мың текше метрге жуық қар шығарылды.

Қазгидрометтің мәліметінше, елордада жауын-шашынмен қар жауады, желдің екпіні 20 м/с-тан асады.

Автокөлік жүргізушілерінен жолда мұқият болуды, жылдамдық режимін сақтауды сұраймыз, – делінген хабарламада.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары