$ 494.87  520.65  4.91

«Шетелдегі қазақ балалары»: Журналист жетімдердің қалай сатылғанын, бұл іске кім жауапты болғанын айтты

1999-2020 жылдар аралығында Қазақстанда тоғыз мыңға жуық бала шетелдіктерге асырауға берілді.

Коллаж: Ulysmedia.kz
Коллаж: Ulysmedia.kz

«Ұлысмедиа» платформасында жаңадан ашылған Qarakoz подкастына сұхбат берген «Шетелдегі қазақ балалары» жобасы авторының айтуынша, 90-жылдары шетелдіктер асырап алған балалардың нақты тізімі ешбір жерде жоқ. Жобаның қайта жарыққа шығуы кейбір шенеуніктердің жұмысынан кетуіне түрткі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы жоба авторы Жанар Байсемізоваға сілтеме жасай отырып.

Ресми статистика бойынша, шетелге бала беру 1999 жылы басталған. Бірақ, осы жолы Еуропаға барған кезде 90 -жылдардың басында кеткен қызбен кездестім. Ол мүлдем еш жерде тізімде жоқ. Ол кезде заң да басқа болды. Мүмкін, біздің азаматтар асырап алмаған соң, тым құрымағанда сол балалар бақытты болсын. Шетелдіктер болса да, үйде өссін деп ойлған шығар. Одан кейін оны ешкім қадағалаған да жоқ. Былайша айтқанда ол жүйесіз кеткен, - дейді жоба авторы. 
Гаага конвенциясы бойынша Қазақстан шетелдіктерге баса асырауға беруге міндетті.

Гаага конвенциясына Қазақстан қосылған. Гаага конвенциясы бойынша жетім бала болмауы керек. Баланың құқығы қорғалады. Бала отбасында өсуі керек. Егер, бізде Қазақстанда жетім бала болмаса, Қазақстан азаматтары барлығы жабылып, балаларды асырап алатын болса, шетелге біз бала бермейміз. Біз халықаралық аренаның алдына шығып, айтамыз «міне, бізде жетім бала жоқ, біз шетелге бала бере алмаймыз» деп. Егер, біздің азаматтар өздері асырап алмаса, ол балалар балалар үйінде, интернатта  өссе, халықаралық міндеттеме бойынша біз балаларды шетел азаматына беруіміз керек, - дейді Жанар Байсемізова.

Сол жылдары балаларын интернатқа, балалар үйіне уақытша қалдырып кеткен ата-аналар опық жеп қалған көрінеді.

Кейбіреулер уақытша қалдырып кеткен. Жағдайы қиын болып, қайтып алып кетем деген. Сол уақытта баланы шетелге беріп жіберген. Ол жерде агенттіктер жұмыс істейді. Ол кезде Білім және ғылым министрлігі болған. Қазір қалай аталады өзі. Біресе қосады, біресе алды. Тек қана балалар үйі ғана айналыспайды ғой. Сол кездегі БҒМ қарамағындағы Балалар құқығын қорғау комитеті деген, сол жауапты, - дейді автор.

Жанар Байсемізованың сөзінше «Шетелдегі қазақ балалары» жобасын қайта түсірген соң, кейбір шенеуніктер жұмысынан кеткен.

Сыртқы істер министрлігі қай кезде жауапты. Олар барлығы алғашында кездесіп, осының барлығын талқылаған ғой. Қазіргі ереже бойынша, баланы алып кетпей тұрып, консулдық қызметке барып, міндетті түрде тіркелу керек. Балалар 18-ге толғанша Қазақстан азаматтары болып табылады. Сондықтан, олардың өміріне Қазақстан жауапты. БҒМ, сол кездегі Балалардың құқығын қорғау комитеті сол жақтан кетеді ғой барлығы. Балалар үйі соған қарайды. Бұрын оның басшысы Раиса Шер болған. «Шетелдегі қазақ балалары» жобасы шыққан соң, ол кісі қызметінен кетті, - дейді Байсемізова.

Ресми мәлімет бойынша, 1999-2020 жылдар аралығында Қазақстанда тоғыз мыңға жуық бала шетелдіктерге асырауға берілді, оның ішінде 6000-ға жуық бала АҚШ-қа кетті.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 17
Күлкілі 2
Ашулы 68

Серіктес жаңалықтары