29.12.2023, 20:30

8 облыста көлік қозғалысы шектелді

Фото: Mir24

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 407 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.

Қолайсыз ауа райына байланысты 8 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 31 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы "ҚазАвтоЖол" АҚ-ға сілтеме жасап.

Ақмола облысында – 14 учаске

Жамбыл облысында – 1 учаске

Жетісу облысында – 1 учаске

Қарағанды облысында – 3 учаске

Қостанай облысында – 5 учаске

Солтүстік Қазақстан облысында – 5 учаске

Түркістан облысында – 1 учаске

Ұлытау облысында – 1 учаске

Компания көліктің барлық түріне шектеу енгізілгенін атап өтті.

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 407 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.