Ақмола облысының ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарын мұзға шықпауға шақырады.
Ерейментау ауданының Қоржынкөл көлінде балықшылардың көлігі жартылай мұз астына түсіп кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқарушылар дереу оқиға болған жерге барып, арнайы құтқару техникасының көмегімен көлікті шығарып алды. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Ақмола облысының ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарын мұзға шықпауға шақырады.