30.12.2023, 14:30

Боксшы Чемпион Санжар Тәшкенбай әскер қатарына алынды

Фото: Instagram/tashkenbay_sanzhar

«Отанды сүю иманнан».

Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай ҚР Қарулы Күштерінің қатарына алынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы боксшы Санжар Тәшкенбай өзінің Instagram-дағы парақшасында әскери киімде ант қабылдап жатқан сәтінің фотосын жариялап, жазба қалдырды.

Отанды сүю иманнан, - деп жазды ол.

Айта кетсек, 2023 жылы мамыр айында Ташкентте бокстан өткен Әлем чемпионатында қазақстандық боксшы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді. Сондай-ақ 20 жастағы отандасымыз Иордания астанасы Амманда өткен Азия-2022 чемпионатының жеңімпазы.