$ 439.4  473.54  4.76

13 облыста дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау, Абай, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, Солтүстік Қазақстан облысында баяу бұрқасын күтіледі.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

31 желтоқсанда еліміздің 13 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 

Ұлытау, Абай, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, Солтүстік Қазақстан облысында баяу бұрқасын күтіледі.

Маңғыстау, Қостанай, Атырау облыстарында тұман, Батыс Қазақстанда тұман, көктайғақ, Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, облыс орталығында түнде солтүстікте көктайғақ күтіледі. 

2023 жылғы 30-31 желтоқсанда Алматы қаласының Үлкен және Кіші өзендерінің бассейндерінде жауын-шашынға және тұрақсыз қар жағдайына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін.

31 желтоқсан-2 қаңтарда Жетісу облысының Алакөл көлі маңында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары