Жөндеу жұмыстары бір күннің ішінде аяқталатынына уәде берілді.
Қатты желдің салдарынан Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы ауылдар жартылай жарықсыз қалды. Жөндеу бригадалары оқиға орнына шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ақши, Лекер, Қаратомар және Ақсан ауылдары жарықсыз қалды.
Жылдамдығы секундына 20-24 метр, екпіні 28-29 метрге жеткен жел салдарынан Ақши, Лекер, Қаратомар, Ақсан ауылдарында электр желілері жарым-жартылай үзілді. Қазіргі уақытта Баянауыл АЭҚ тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр, - деп хабарлады Баянауыл ауданы әкімдігінен.
Жөндеу жұмыстары бір күннің ішінде аяқталатынына уәде берілді.