Қазақстан күрес федерациясынан мәлім еткеніндей, 27 жастағы балуан қыз өтіп бара жатқан жылда 72 келіге дейінгі салмақта ірі ресми жарыста жүлделерге қол жеткізді.
Қазақстандық Жәмила Бақбергенова Біріккен күрес әлемінің (United World Wrestling – UWW) жылдық қорытынды рейтингісінде өз салмақ дәрежесінде көш бастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақстан күрес федерациясынан мәлім еткеніндей, 27 жастағы балуан қыз өтіп бара жатқан жылда 72 келіге дейінгі салмақта ірі ресми жарыста жүлделерге қол жеткізді.
Үш дүркін Азия чемпионы атанған ол Сербияда өткен әлем біріншілігінде үздік үштікке ілікті. Әлем чемпионатынан кейін олимпиадалық, 76 келіге дейінгі салмаққа ауысқан Жәмила қазанда Қытайда Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Жәмила – Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. 2021 және 2022 жылдары әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған 27 жастағы Жәмила Бақбергеновадан қазақстандықтар жаңа жылда да үлкен үміт күтеді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жәмила Бақбергенованың Азия ойындарының күміс жүлдегері атанғанын жазған болатынбыз.