01.01.2024, 15:30

Талдықорғандағы мейрамханалардың бірінде жаппай төбелес болды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скрин

Департамент өкілдері оқиғадан ешкім зардап шекпегенін мәлім етті.

Талдықорғандағы мейрамханалардың бірінде жаппай төбелес болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жетісу облыстық полиция департаменті өкілдерінің айтуынша, жаппай төбелес Талдықорғанда 29 желтоқсанда болған.

Бұл дерек 29 желтоқсанда Талдықорғанда тіркелді. Оқиға орнына келген полиция жасағы жанжалға қатысушыларды қалалық басқармаға жеткізді. Мекеме әкімшілігі де, қатысушылар де шағым жазудан бас тартты, - деп хабарлады ведомстводағылар.

Департамент өкілдері оқиғадан ешкім зардап шекпегенін мәлім етті.

Ескерту! Видеода былапыт сөздер айтылады!